Көкшетау-Мәскеу халықаралық тұрақты рейсі ашылды. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Марат Игали әлеуметтік желіде хабарлады.
"Бұл бағытқа "Иркутск Авиа" әуе компаниясының ұшағы ұшады. Рейстерді әр аптаның жексенбісінде "Суxой Суперджет 100" әуе кемесі орындайды. Ұшақтың сыйымдылығы 103 орын. Билет құны бір жаққа ұшу үшін – 47 мың теңге. Алдағы уақытта рейсті аптасына екі ретке дейін арттыру жоспарда бар. Көкшетау әуежайымен бірлесе отырып, ұшу георгафиясын кеңейтетін боламыз", – деп жазды Марат Игали.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу