Бұған дейін Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне облыс орталығының тұрғыны Көкшетау қаласының аумағында есірткі заттарын өткізумен айналысатыны туралы ақпарат түскен, де хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер тоқтатқан көліктің артқы жолаушылар орындығынан "жалпы салмағы 2,7 кг гашишке толы үш полиэтилен пакеті бар спорттық сөмке табылды. Электронды таразылар да тәркіленді делінген полиция хабарламасында.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімі "Есірткі құралдар, психотроптық заттар және олардың баламаларын сату мақсатынсыз, заңсыз ұстау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ер адамның гашишті қайдан алғанын анықтайды.