Көкшетау полицейлері жол ережесін 24 рет бұзған жұргізушіні ұстады

604

Жүргізуші 24 рет жол ережесін бұзып, айыппұл төлемеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақмола облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Көкшетау полицейлері жол ережесін 24 рет бұзған жұргізушіні ұстады Фото: Ақмола облыстық Полиция департаменті

Тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде "Nissan Primera" маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші жол ережесін 24 рет бұзып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталған. Автокөлік бірден айыптұрағына қойылды.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұдан өзге "Nissan Primera" көлігінің 24 жастағы жүргізушісі 9 наурызға қараған түні Осипенко көшесінде жол-көлік оқиғасы кезінде үш автокөлікті зақымдап, оқиға орнынан қашып кеткен екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу