Көкшетау техникалық институты Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесін алды

3606

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесі берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау техникалық институты Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесін алды

Бұл жоғарғы оқу орнының тарихы 1973 жылдан басталады. Алматы қаласынан Көкшетау қаласына Қазақ КСР ІІМ басқармасының әскерилендірілген өрт күзетінің оқу жасағы көшіріліп, кейін өрт күзетінің кіші және орта басшы құрамын даярлау және қайта даярлау мектебіне, содан кейін ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесінің Көкшетау филиалына айналды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Көкшетау техникалық институты болып қайта аталды.

Оқу орны ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты атты ескі атауын 2004 жылдың 29 қыркүйегінен бастап алған.

Бүгінгі күні институт 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандарды даярлайды: "Өрт қауіпсіздігі", "Төтенше жағдайларда қорғау", Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық және "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі".

Институтта күндізгі, қашықтықтан оқыту, қосымша білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеттері жұмыс істейді.

Институт тарихында бүгінгі күнге дейін 5000-нан астам маман даярлағанын атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу