"Көкшетау – заманауи жылу электр станциясы жоқ жалғыз облыс орталығы"

1328

"Көкшетау – еліміздегі заманауи жылу электр энергиясы жоқ жалғыз облыс орталығы. Ондағы қазандықтар ескі, 1978 жылы пайдалануға берілген. Олардың қуаты қалаға жетіспейді. Ал тарифі жоғары тариф саналады. Электр энергиясы басқа облыстардың станцияларынан ондаған делдал арқылы келеді", – дейді сенат депутаты Нұрлан Бекенов. 

"Көкшетау – заманауи жылу электр станциясы жоқ жалғыз облыс орталығы"

Оның сенат отырысындағы сөзіне қарағанда, қалада салынып жатқан жылу электр орталығы құрылысын жеделдету керек, мәселе сонда ғана шешілмек. 

"Алайда оның тек бірінші кешені 2026 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шартқа қол қою мерзімінің өзі 2023 жылға жоспарланған. Жобаны созбай, бюрократиялық мәселелерді барынша жедел шешу керек. Энергия тапшылығы мен қымбатшылықты ескерейік", – дейді депутат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу