Көкшетауда 1 миллиард теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды

278

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 

Көкшетауда 1 миллиард теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды Фото: inbusiness.kz

Қалалық прокуратура тексеру жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган нарықты тиісінше талдамай, бағаны негіздеместен және жоғарылатылған баға бойынша трансформаторлық қосалқы станцияны сатып алу үшін 1 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын бөлгенін анықтады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Сондай-ақ, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды және кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу