Бүгін Көкшетауда әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға 1 тонна картоп пен сәбіз және киім-кешек тегін таратылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Шапағат" халықтық жобасы аясында қолға алынған қайырымдылық шарасына жергілікті кәсіпкерлер мен қала тұрғындары демеушілік көмек көрсетті. Кәсіпкерлер бөлген 1 тонна картоп пен сәбіз, сондай-ақ қала тұрғындары жинап берген киілген киім-кешек әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға және жалғыз басты қарияларға үлестірілді.
"Осындай игі істерге қол ұшын созып отырған, кәсіпкерлерге, жаны жомарт азаматтарға алғыс білдіреміз. Қайырымдылықта шек жоқ, ендігі кезекте тек азық-түлік пен киім-кешек қана емес, өзге де заттай бұйымдарды қоссақ деген жоспарымыз бар", – дейді акцияны ұйымдастырушы ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің екінші хатшысы Раиса Михайловна.