Көкшетауда 10 жастағы бала бір жасар інісін құтқарып қалды

377

ҚР ТЖ министрінің жарлығымен жас батырға медаль тағылды.  

Көкшетауда 10 жастағы бала бір жасар інісін құтқарып қалды Фото: Ақмола облысы ТЖД

Өрт кезінде кішкентай інісін құтқарған Көкшетау қаласының 10 жасар тұрғыны Артур Гаитовке "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалі табыс етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Артур үйінде болған өрт кезінде ерлік танытқан. Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов ҚР ТЖ министрінің жарлығымен жас батырға медаль тақты. 

"Артур Гаитов өзін батыр санамайды. Алайда, үйі отқа оранған кездегі оның әрекеті ерлікпен пара-пар. Бір аяғы гипске таңылған ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырды. Артынша, бір жасар інісін қолына алып, терезеден сыртқа шыққан", - деп жазды ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу