Көкшетауда 108 адамға баспа кілті табысталды

702

Баспананың 1 шаршы метрінің құны 160 000 теңгені құрайды.

Көкшетауда 108 адамға баспа кілті табысталды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 108 салымшысына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Клиенттер жаңа пәтерді "Өз үйім" бағдарламасы арқылы алды. Таза әрлеудегі мұндай баспананың 1 шаршы метрінің құны 160 000 теңгені құрады. Бұл Көкшетау қаласы тұрғын үй нарығындағы бағадан 15%-ға арзан. Тоғыз қабатты жаңа үй қала орталығында, жағалаудың жанында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін арнайы салынған болатын.

Банк салымшылары Конституция күні қарсаңында үйлеріне кіріп, қоныс тойын атап өте алады. Бүгін олар Ақмола облысы әкімі Мәлік Мұрзалин мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылығының қолынан пәтер кілтін алды.

"Өз үйім" бағдарламасына қатысу үшін салымшыларға барынша аз талапты орындау, атап айтқанда, 20% көлеміндегі бастапқы жарна әкелу жеткілікті болды. Бұл жағдайда жылдық мөлшерлемесі 7% болатын заем алуға болады. Алайда Ақмола облысының тұрғындары қаражаттың басын құрап, шыдамдылық таныта алатындықтарын көрсетті – бүгін пәтер кілтін алғандардың 90%-ы үй бағасының 50%-на тең ақшаның басын құраған. Осының арқасында олар 5% көлеміндегі өте төмен жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй займдарын алу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр", - деп түсіндірді ТҚЖБ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрдан Әлібеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу