Көкшетауда 17 қараусыз қалған ғимарат бұзылды

326

12 нысанның иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Көкшетауда 17 қараусыз қалған ғимарат бұзылды

Көкшетау қаласында қараусыз қалған және апатты жағдайдағы нысандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар 70-тен астам қараусыз қалған ғимаратты анықтады. Оның 17-сі бұзылды.

Сонымен қатар абаттандыру қағидаларын бұзған 12 нысанның иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қараусыз қалған ғимараттарды анықтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл мәселе қала прокуратурасының бақылауында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу