Степногорда 2 жасар сәби терезеден құлап кетті

514

Ол абайсызда москит торын итеріп, терезеден құлап кеткен.

Степногорда 2 жасар сәби терезеден құлап кетті Фото: inbusiness.kz

Степногорда қараусыз қалған 2 жастағы қыз 2-ші қабаттағы терезден құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше, 21 тамызда  Степногор қалалық Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, 2021 жылы туған жергілікті тұрғынның ауруханаға "катажарақат, жабық бас сүйегі жарақаты, ми шайқалу" диагнозымен жеткізілгенін айтқан.

"Белгілі болғандай, қараусыз қалған бүлдіршін абайсызда москит торын итеріп, екінші қабаттағы терезеден құлаған. Осы дерек бойынша тексеріс жүргізілуде", деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналар мен қамқоршыларды балаларға мұқият болуға және оларды ашық терезелерде қараусыз қалдырмауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу