Көкшетауда 22 жастағы жігітті некесін қиған күні өлтіріп кеткен

1240

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көкшетауда 22 жастағы жігітті некесін қиған күні өлтіріп кеткен Фото: видео скриншот

Көкшетауда өткен түні 22 жастағы жігіттің денесі табылды. Қайғылы оқиға туралы sinegor.kz басылымына марқұмның туыстары айтып берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға жігіттің неке қию рәсімі өткен күні болған. Бұл жайтқа қатысты Ақмола облысының полиция департаменті пікір білдірді. 

"12 қарашада Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бірден ұсталды. 

Бұл оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталды. Алты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – дейді полиция департаментінің өкілдері. 

Ведомство бұл дерек ПД басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу