Көкшетауда 3 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті

1018

Қаладағы жауапты ведомство барлық ашық құдықтың жабылатынына уәде берді.

Көкшетауда 3 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті

Көкшетауда көшеде ойнап жүрген 3 жасар бала ашық жатқан кәріз құдығына құлап түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар баланың айқайын естіп қалып, оны шығарып алған.

Аталған жағдай әлеуметтік желілерге таралып кеткеннен кейін ғана коммуналдық қызмет мамандары қимылдай бастады. Әлгі кәріз құдығын бекітті. Сонымен қатар ашық жатқан құдықтарға мониторинг жүргізуге кірісті.

Қаладағы жауапты ведомство алдағы күндері барлық ашық құдықтардың жабылатынын айтып, сендіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу