Көкшетауда 57 жастағы әйелдің үйінен жер учаскесінің құжаты ұрланған

353

Полиция бұл іске оның немересінің қатыстылығын тексеріп жатыр. 

Көкшетауда 57 жастағы әйелдің үйінен жер учаскесінің құжаты ұрланған Фото: Life.ru

Ақмола полициясы бұл дерек бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Көкшетау полиция басқармасына 57 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйел адам тамыз айында үйінен белгісіз біреулердің жер учаскелерінің құжаттары мен сатып алу-сату сенімхатын ұрлағанын айтқан.

"Полиция ҚР ҚК 384-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің 17 жастағы немересін анықтап, оның оқиғаға қатысы тексеріліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу