Көкшетауда 8-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

1223

Жасөспірім 8-қабаттағы өз пәтерінің балконынан секірген.

Көкшетауда 8-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Көкшетауда 8-сынып оқушысы 8 қабаттан секіріп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға қазанның 4 күні Көкшетау қаласы Потанин көшесінің бойындағы тұрғын үйде болған. Бұл туралы полицияға сағат 11:46 жедел жәрдем қызметінің дәрігері хабарлаған.

"Оқиға орнына жеткен кезекші жедел-тергеу тобы 2006 жылғы жасөспірімнің 8-қабаттағы өз пәтерінің балконынан секіргенін және өлер алдында хат жазып қалдырғанын анықтады", дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 105 бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу