Көкшетау қаласында ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтер есіктерін ашу бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бірінші жағдайда 93 жастағы ер адамның өздігінен орнынан тұрып, есікті аша алмағаны анықталды. Пәтерге кіру үшін құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, балкон арқылы төртінші қабаттан үшінші қабатқа түсті. Ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды", – делінген хабарламада.
Екінші жағдайда 1937 жылы туған 89 жастағы әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу