Көкшетауда адам ұрлап, ақша бопсалағандар ұсталды

175

Астаналық тұрғын белгісіз біреулер ұлын заңсыз ұрлап, одан 200 000 теңге бопсалап жатқанын полицияға хабарлаған.    

Көкшетауда адам ұрлап, ақша бопсалағандар ұсталды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері әйелдің берген мәліметі бойынша қаскүнемдердің жүретін көлігін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

1 наурызда көрсетілген көлік Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының камераларымен тіркелді. Автокөлік туралы ақпарат дереу патрульдік жасақтарға жіберілді. Көлік тоқтатылып, жүргізуші мен жолаушылары полиция мекемесіне жеткізілді.

Іс жүргізу барысында бір жолаушыдан 45 түйіншек табылды, бұл синтетикалық есірткі болуы мүмкін. Тәркіленген түйіншіктер сараптамаға жіберілді.

Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күдіктінің бопсалау фактісіне қатыстылығын тексеріп жатыр. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу