Көкшетауда АЭС салу жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті

435

Әрі қарай даму үшін электр энергиясы керек.

Көкшетауда АЭС салу жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті Фото: pixabay.com

Көкшетауда елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне арналған қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz

"Хабар 24" телеарнасының мәліметінше, оған атом саласының сарапшылары, қоғам өкілдері қатысып, технологиялық қауіпсіздік, атом электр стансасы құрылысының әлеуметтік-экономикалық көрінісі жайында ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айындағы Жолдауында елімізде атом электр стансасын салу жөніндегі мәселе жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін айтқан еді. Ал оған дейін бұл тақырып қоғамдық талқылаулар арқылы жан-жақты қарастырылуы қажет. 

"АЭС салынуын біз қазірден бастап талқыламасақ, болашақта біз әбден осы энергияға тәуелді болып қалуымыз мүмкін. Енді осы Қазақстанда қанша компетенциялы мамандар бар екенін осы АЭС салуға. Әрі қарай даму үшін электр энергия керек. Ол зауыт салу үшін электр энергиясы керек. Әртүрлі кіші бизнестерге де электр энергиясы керек", – деді Қазақстан Ядролық физика институтының аға ғылыми қызметкері Асхат Бекбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу