Көкшетауда әйеліне пышақ жарақатын салған тұрғын қамауға алынды

442

Әйелі бұған дейінгі тұрмыстық жанжалда кешіріммен қараған.

Көкшетауда әйеліне пышақ жарақатын салған тұрғын қамауға алынды Фото: inform.kz

Көкшетау қаласы ПБ тергеу бөлімі облыс орталығының 36 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кету керек, Ақмола полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер арасында олардың құқықтарын түсіндіре отырып, тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тәртіп сақшылары дереу полицияға хабарласып, қатыгездік туралы хабарлауға кеңес береді. Мәселен, 16 сәуірде Көкшетау қаласының полиция басқармасына қалалық аурухананың қабылдау бөлмесіне іш қуысының пышақ кіріп шаншылған жарақаты, аш ішектің зақымдануы диагнозы қойылған жергілікті тұрғын жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына учаскелік инспектор келіп, ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғанын анықтады. Жанжалдың нәтижесінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған құқық бұзушы әйелге ауыр дене жарақатын салған. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметі бөлімінде сот залында бұған дейінгі тұрмыстық жанжалға әйел кешіріммен қарағанын хабарлады. 

Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу