Көкшетауда Асқар Забикулиннің құрметіне ескерткіш орнатылуы мүмкін

814

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жақын арада Көкшетауда Асқар Забикулиннің құрметіне ескерткіш орнатуды ұсынды. 

Көкшетауда Асқар Забикулиннің құрметіне ескерткіш орнатылуы мүмкін Фото: tengrinews.kz

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында облыс әкімі өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің анасы Бибігүл Забикулинаны құттықтады, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сіздің ұлыңыздың есімі, батылдық, адалдық сияқты қасиеттермен байланысты. Біз оның жерімізде өскенін, оқығанын мақтан тұтамыз. Сізге әрқашан көмектесуге дайынбыз", - деп атап өтті облыс басшысы.

Айта кетейік, Бибігүл Забикулина 4 баланың анасы. Оның ортаншы ұлы Асқар Забикулин өрт сөндіруші болып еңбек етті. Қызметтік борышын өтеу кезінде ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда алған күйіктерінен ауруханада көз жұмды. Қайтыс болғаннан кейін I дәрежелі "Айбын" орденімен, "Жыл Батыры" номинациясы бойынша "Алтын Адам" сыйлығымен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу