Көкшетауда белгісіз біреулер 2-сынып оқушысын ұрлап әкетпек болған

1155

Баланың ата-анасы оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көкшетауда белгісіз біреулер 2-сынып оқушысын ұрлап әкетпек болған Фото: @sinegor.kz

"Боровская ықшамауданы, 53-үйдің ауласынан бала ұрламақ болды. Оқиға шамамен сағат 19:00-20:00 аралығында 54-үйдің жанында болды. Белгісіз біреулер екінші сынып оқушысын көлікке сүйреп апармақ болған. Бала дер кезінде қашып үлгерген. Қазір полиция балаға көмектескен ер адамды іздестіріп жатыр. Егер оқиға көрген өзге де куәгерлер болса, +7 771 123 0068 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз", – делінген жазбада. 

Ал Көкшетау қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

"Көкшетау тұрғынының кәмелетке толмаған ұлын ұрлау әрекеті туралы арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайлар анықталуда. Тергеу ПД басшылығының жеке бақылауында", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу