Көкшетауда блок-бекеттер қайта қойылады

1199

Қаладан 7 бағыт бойынша шығатын жолдарда санитарлық мамандар, тәртіп сақшылары жұмысын бастады.  

Көкшетауда блок-бекеттер қайта қойылады

Көкшетаудың айналасына блок-бекеттер қайта қойылады, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Олар тұрғындардың қозғалысына бақылау жүргізеді. Осылайша, аймақтағы карантиндік шаралары күшейтілуде. Себебі қаладағы эпидемиологиялық жағдай қиын. Демалыс күндері Ақмола облысында 2 адам коронавирустан көз жұмды. Оның екеуі де Көкшетау тұрғындары. Дертті жұқтырғандар саны күрт артуда. Сондай-ақ, бірқатар мекемелердің жұмысына шектеу қойылды. Ол уақытқа және жүктемеге байланысты.

Енді қоғамдық көлік таңғы сағат 6 мен 10 және кешкі 17-ден 21:00 аралығында жүреді. Бурабай және Зеренді курорттарындағы демалыс орындары жартылай ғана жұмыс істеуі тиіс.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу