Көкшетауда бұрынғы әйелін соққыға жыққан тұрғын жазаға тартылады

426

Бұл іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.  

Көкшетауда бұрынғы әйелін соққыға жыққан тұрғын жазаға тартылады Фото: 716.kz

Ақмола облысында бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адам жауапкершілікке тартылатын болады, деп жазады inbusiness.kz  716.kz порталына сілтеме жасап.

Порталдың жазуынша, ішімдікке тойып алған ер адам әйелін соққыға жыққан.

Көкшетау қалалық полиция басқармасына жүгінген әйел адам бұрынғы күйеуіне қатысты шара қолдануын сұраған.

Әйелдің сөзінше, 30 маусым күні ер адам оған дене жарақатын салған. Салдарынан ол медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Полиция бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі ҚК 107-баптың 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижесі әйел адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келгенін көрсетті.

Жергілікті полиция қызметі әйел адамның асырауында кәмелетке толмаған үш бала барын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер облыс орталығының 1988 жылы туған тұрғынын анықтады. Ол осыған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған, профилактикалық есепте тұрған.

Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу