Көкшетауда дәмханада кешкі ас ішкен 17 студент сушиден уланды

532

Ақмола облысының санитарлық дәрігерлері жапон тағамдарын сатып алуда абай болуға шақырады, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Көкшетауда дәмханада кешкі ас ішкен 17 студент сушиден уланды Фото: Adyrna.kz

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетауда 2 курс студенттері арасында жаппай тамақтан улану дерегі тіркелген. Бұл жағдайда дәмханада кешкі ас ішіп, суши жиынтығына тапсырыс берген 17 адам зардап шекті. Кейін кешкі ас ішкендердің барлығында жүрек айну, құсу, диарея және дене температурасының жоғарылауы туралы бірдей шағымдар болды.

"Санитарлық қызмет дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде аурудың таралуына ықпал еткен санитарлық ережелердің өрескел бұзылғандықтарын анықтады. Нақтырақ алсақ, технологиялық үрдіс сақталмағаны, ыстық сумен жабдықталмағаны, ыдыс - аяқты сапасыз өңделгені, тамақ өнімдерінде ішек таяқшасы мен стафиллококк тобының бактериялары, өндірістік бақылау бағдарламасының объектісінде болмауы, өндірістік бақылау жүргізуге шарттың болмауы, қызметкерлерде стафиллококк бары анықталды. Сонымен бірге, қызметкерлері медициналық тексерістен уақытылы өтпеген", - деп түсіндірді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының санитарлық дәрігерлері өңір тұрғындары мен қонақтарына жапон тағамдарын сатып алуда абай болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу