Көкшетауда дүкен өртенді

296

Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 Көкшетауда дүкен өртенді Фото: Inbusiness.kz

Көкшетаулық өрт сөндірушілер қызыл жалынмен бірнеше сағат бойы арпалысып, оны жойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 желтоқсанда сағат 16-55-те "101" пультіне Көкшетау қаласы, Қызылжар 10/1 көшесінде "Свой" дүкенінде өрт шыққаны туралы телефон арқылы хабарланған.

Оқиға орнына келген бойда дүкеннің жалпы жану ауданы 280 ш.м. құрады.

Өрт орнында Ақмола облысы ТЖД жеке құрамының 36 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмыс істеді.

"18-40-та оқшауланған өрт 19-37-де жойылды. Өрттің шығу себебін анықтау үшін өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу