Көкшетауда энергетикалық сусын ішкен жасөспірімнің асқазаны тесіліп, шұғыл ота жасалды

139

Қатты іш ауыруына шағымданған жасөспірімге дәрігерлер шұғыл лапароскопиялық ота жасады.  

Көкшетауда энергетикалық сусын ішкен жасөспірімнің асқазаны тесіліп, шұғыл ота жасалды Фото: бейнежазбадан

Көкшетауда энергетикалық сусындарды жиі тұтынған 16 жастағы жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мамандарының айтуынша, энергетикалық сусындарға әуестік жасөспірімнің ішкі ағзаларына, әсіресе асқазанына айтарлықтай зиян келтірген.

"Науқасқа "перфоративті жара" және "іріңді перитонит" диагнозы қойылды. Яғни, асқазаны тесіліп, іш қуысы іріңдеп кеткен. Мұндай ауыр жағдайдың басты себебі – энергетикалық сусындарды жиі қолдану. Біз жараны тігіп, іш қуысын тазартып, дренаж қойдық. Ота сәтті өтті, алайда жасөспірім алда ұзақ әрі қиын қалпына келу кезеңінен өтеді", - деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Ернар Қожабеков.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар жасөспірімдер арасында жиіленіп келеді. Сондықтан ата-аналар мен оқушыларға энергетикалық сусындардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

"Денсаулығы бұрынғыдай болмайды. Асқазанда тыртық пен тұрақты өзгерістер қалады. Бұл — өте қауіпті дабыл",  - деп ескертті дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу