Көкшетауда ер адам көлігінде уланып, көз жұмды

457

Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.

Көкшетауда ер адам көлігінде уланып, көз жұмды Фото: polisia.kz

Қайғылы оқиға 8 қарашада Көкшетау қаласында орын алды. Облыс орталығының 32 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі гаражда тұрған көліктен табылды.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ер адамның өлімі көміртегі тотығымен улану салдарынан болған.

Полицейлер автокөлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырады. Газбен уланудың алдын алу үшін автокөліктің шығару жүйелерінің дұрыстығын және олардың герметикалығын үнемі тексеріп отыру қажеттігін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу