Көкшетауда ер адам терезеден секірмек болған

381

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.  

Көкшетауда ер адам терезеден секірмек болған Фото: 716.kz

Ақмола облысында тәртіп сақшылары суицидтің алдын алды, деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 2 қазан күні қалалық полиция департаментінің кезекші бөліміне Ескі әуежай көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде отбасылық жанжал болып жатқаны туралы телефон хабарламасы түскен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамның отбасылық жанжал нәтижесінде, атап айтқанда жұбайын қызғанып, өзіне суицид жасамақ болғаны анықталды. Ресурстың жазуынша, ер адам мен әйелінің бірге тұрмағанына 7 айға жуықтаған.

Жанжал шығарған тұрғынды оқиға орнына келген оның туысы сабырға шақырып, жедел-тергеу тобы азаматты терезеден ішке қарай түсіріп алды. Кейін әйелі жанжал шығарған күйеуінің дене жарақатын келтіріп, ұялы телефонын сындырғанына қатысты арыз түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу