Көкшетауда еріген қар суы мектептің жертөлесін басып қалды

610

Су сорғызу жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған. 

Көкшетауда еріген қар суы мектептің жертөлесін басып қалды Фото: Sinegor.kz

Көкшетаудағы Бірлік шағынауданында еріген қар суы мектептің жертөлесін басып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су басқан мектептің видеосы Sinegor.kz парақшасында жарияланды. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, су сорғызу жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған. 

"Көкше-Тазалық" ЖШС қызметкерлерінің көмегімен №22 мектептің жертөле ғимаратынан еріген қар суы сорылды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері де бар", – делінген хабарламада. 

Су басуға электр желісі кіргізілген тесіктердің дұрыс жабылмауы себеп болыпты. Қазіргі таңда еріген қар суының мектепке ағуы тоқтатылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу