Көкшетауда газбен жүретін көлік өртенді

259

Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.

Көкшетауда газбен жүретін көлік өртенді Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Көкшетауда газ-баллон жабдығымен жабдықталған жеңіл автокөліктен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалынды ауыздықтап, өрттің таралуына жол бермеді. Көлік зақымданғанымен, оны толық жанып кетуден сақтап қалды. Сондай-ақ газ баллонының жарылу қаупінің алдын алды.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ автокөліктің техникалық жағдайы мен газ-баллон жабдығының жарамдылығын үнемі тексеріп отыруға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу