Көкшетауда ХҚКО-ның бұрынғы маманы шетелден келген көліктерді заңсыз тіркеп келген

355

68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. 

Көкшетауда ХҚКО-ның бұрынғы маманы шетелден келген көліктерді заңсыз тіркеп келген Фото: видео скриншот

"Азаматтарға арналған үкіметтің" Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді.

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.

Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 миллион теңге.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу