Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен 33 жастағы әйелдің денесі табылды

173

Оны өлтіріуі мүмкін күдікті ұсталды. 

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен 33 жастағы әйелдің денесі табылды Фото: gov.kz

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған жергілікті тұрғын 33 жастағы әйелдің денесі табылды, полиция осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған әйелдің денесін табу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

"Күдікті анықталып, ұсталды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетсек, Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны осы жылдың 4 шілдесінде үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Сол күні оған іздеу жарияланып, полиция мен еріктілер іздестірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу