Көкшетауда келесі айдан бастап қалалық қоғамдық көліктердегі осыған дейін 60 теңге болған жол жүру ақысы 80 теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды 24.kz.
Бұған шаһардағы автопарк шығындарының көбейіп кетуі себеп. Өйткені қазір жанармайдан бастап,автобустардың қосалқы бөлшектеріне дейін қатты қымбаттаған. Мәселен, бір ғана дөңгелектің бағасы 2 есеге өскен. Оның үстіне 12 санат бойынша адамдар яғни, 3 мыңға жуық тұрғын тегін тасымалданады. Бұған жылына 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады. Сондықтан автопарктер жаңа көліктер сатып алу үшін қалалық мәслихаттың қарауына жол ақысы 117 теңге болса деген ұсыныс берген. Алайда депутаттар бұл ұсынысты қабылдамай, тек 80 теңгеге көтеру туралы шешім шығарды.
Жалпы Көкшетауда қазір жолаушылар тасымалымен 4 бірдей автопарк айналысады. Күніне 146 автобус 38 бағытта қала көшелеріне шығады.