Көкшетауда қолында екі айлық сәбиімен есірткі сатқан үш күдікті ұсталды

640

Электронды таразылар мен синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрылғылар тәркіленді.

Көкшетауда қолында екі айлық сәбиімен есірткі сатқан үш күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Қолында сәбимен есірткі сатумен айналысқан елорданың 26 жастағы тұрғыны Ақмола облысының есірткімен күрес полицейлерінің назарына түсті, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Осылайша ол өзінің “жұмысына” артық назар аудармауға үміттенген. Полицейлердің мәліметінше, күдікті бір ай бұрын “әріптестерімен” бірге Астана қаласынан Көкшетауға жасырып салу арқылы синтетикалық есірткі тарату үшін келген.

2 қарашада облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі қойып кетушіні ұстады. Ұстау кезінде әйел көлік басқарып келе жатқан. Автокөлік салонында екі айлық бала болды, ал оның қасынан қара түсті лентамен оралған шар тәрізді байлам табылды. Оның ішінде қара түсті лентамен оралған ақ түсті ұнтақ консистенциялы заттың 30 “ziplok” пакеті табылып, тәркіленді (салмағы шамамен 30 грамм болатын психотроптық мефедрон заты).

Сол күні полицейлер оның сыбайластарын да ұстады. Көкшетаудағы қонақ үйлердің бірінде 35 жастағы ер адам қолға түсті. Ол ұсталған әйелмен бірге тұратын және баланың әкесі болып шықты. Тінту барысында одан сары түсті оқшаулағыш лентамен оралған ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциялы заттың бір “ziplok” пакеті анықталып, тәркіленді. Азаматтық ерлі-зайыптылар тұратын жалдамалы пәтерде есірткі ораумен айналысқан олардың “әріптесі” ұсталды. Ол Астана қаласының 28 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Пәтерде жедел қызметкерлер ақ түсті ұнтақ консистенциясы бар 99 “ziplok” пакетін тапты (салмағы шамамен 50 грамм), олардың кейбіреулері сары түсті оқшаулағыш лентамен оралған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу