Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығыны есептелуде.
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 37 жуық адам эвакуацияланды, оның 7-уі бала, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, өрт Пушкина 11 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде болған.
«Өрттен 37 адам эвакуацияланды, оның 7-уі бала. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен екі арнайы техника жұмылдырылды. Сағат 17:49 шамасында өрт ауыздықталып, сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығыны есептелуде», - деп хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу