Көкшетауда көпқабатты үйдің кіреберіс бөлігі өртенді

366

Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарымен өрт сөндірушілер мен полиция айналысты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.  

Көкшетауда көпқабатты үйдің кіреберіс бөлігі өртенді Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

30 наурызда Көкшетауда Баймұқанов көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде өрт шығып, 80 адамды эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өрттің және одан кейінгі эвакуацияның себебі - бірінші қабаттағы подъездің ағаш терезе жақтауларының отқа орануы.

25 шаршы метр аумақты алған өрт сағат 07:55-те сөндірілді.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу