Көкшетауда құрылыс аумағынан өрт шықты

395

ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. 

Көкшетауда құрылыс аумағынан өрт шықты Фото: freepik.com

Көкшетау қаласында құрылыс аумағынан өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, өрт салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағындағы 30 шаршы метр аумақты құрайтын күзет будкасынан шыққан.

Өрт уақытылы сөндірілді. ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт болған жерден өлі адам табылды.

Өрттің алдын ала себебі - электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу