Көкшетауда құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы қаза тапты

562

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Көкшетауда құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы қаза тапты Фото: lada.kz

Көкшетауда құрылыс нысанының алтыншы қабатынан 49 жастағы ер адам құлап кетті. Жұмысшы алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz "Sputnik Қазақстан" сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға туралы полицияға жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.

"Көкшетау полиция басқармасына көпсалалы облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне Зеренді ауданының 49 жасар тұрғыны жеткізілігені туралы телефон арқылы хабарлама түсті", – деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаменті.

Ішкі істер органдарының ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"Адамның абайсызда өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу