Көкшетауда құрылысшы мерт болды

774

Көкшетау қаласындағы Васильковский шағынауданындағы салынып жатқан үйлердің бірінде 58 жастағы азамат 5-қабаттан құлап, қайтыс болды.

Көкшетауда құрылысшы мерт болды

Көкшетауда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшы 5-қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетау қаласындағы Васильковский шағынауданындағы салынып жатқан үйлердің бірінде 58 жастағы азамат 5-қабаттан құлап, алған жарақатынан көз жұмды.

"Мен ол жерде болып қайттым. Жұмысшылардың қолында еңбек шарттары жоқ. Қауіпсіздік техникасы мүлдем сақталмаған. Арнайы киімдері, каскалары, сақтандыру белбеулері де жоқ. Ол жерде 4 адам жұмыс жасаған, алайда құқық қорғау органдары өкілдері мен біз келген бойда олар жан-жаққа қашып үлгерген", - деп жауап берді Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының еңбекті қорғау жөніндегі инспекторы Мұратбек Жүсіпов. 

Оның айтуынша, ЖШС Астанада тіркелген, ал басшысы қазір Ақтауда жүр.

"Олар қайғылы жағдай болғаны туралы акті жазулары керек. Сондықтан дәл қазір жұмыс беруші тарап іздестірілуде", - деді Мұратбек Жүсіпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу