Көкшетауда мектеп дәретханасына бейнебақылау камерасы орнатылған

211

Бұл бастамаға ата-аналардың көбі қарсы.

Көкшетауда мектеп дәретханасына бейнебақылау камерасы орнатылған Фото: видео скриншот

Көкшетаудағы №6 мектеп-лицейіндегі ұл балаларға арналған дәретханаға бейнебақылау камералары орнатылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Білім бөлімінің өкілдері бұл шара қауіпсіздік үшін жасалғанын айтады. Себебі әжетханада төбелес, әлімжеттік көрсету жиілеген. Оған қоса, мүлікті қирату деректері де азаймай тұр дейді мамандар. Осы тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін бейнебақылау камераларын орнатуға мәжбүр болғанын айтты.

Сондай-ақ құрылғы тек дәретхананың дәлізін ғана түсіреді екен. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Алдында баланың құқық бұзушылығынм қатысты бірнеше оқиға болған. Қазіргі таңда біз видеоның бәрін қарап шыққан кезде камералар тек әжетхананың кіреберіс жағын, қол жуатын жерді, есікті түсіреді. Ал жеке кабинкалар бейнеге түспейді”, – дейді Көкшетау қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нажимеден Нұралин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу