Көкшетауда мотоцикл жүргізушісінен 5 келіден астам есірткі тәркіленді

89

Патрульдік полицейлер қызмет барысында есірткінің ірі партиясын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Көкшетауда мотоцикл жүргізушісінен 5 келіден астам есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

Красный Яр ауылында полицейлер мотоцикл жүргізушісін тоқтатты, оның мінез-құлқы күдік тудырған.Тексеру барысында тәртіп сақшылары есірткіге мас болуының ықтимал белгілеріне назар аударды. Мән-жайды анықтау кезінде ер адам тыйым салынған заттың бір дозасын өз еркімен берді.

"Құқық бұзушының тұрғылықты жерін тексеру кезінде 8 қап пен 6 қапшық табылды, болжам бойынша ішіндегі зат  марихуана.  Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 5 келіден асады", – делінген хабарламада. 

Алынған заттар сот сараптамасына жіберілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу