Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді

366

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді Фото: видео скриншот

Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық ТЖд баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 тамыз күні сағат 02:25 шамасында "Көкшетау нан зауыты" ЖШС-нің аумағындағы қоймадан шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Сағат 03:00 өрт ауыздықталып, 04:53 толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 42 адам және 13 өрт сөндіру техникасы тартылды", - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу