Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова "Kobelek balalar" қоғамдық қорының директоры Сәуле Тәтемовамен кездесіп, сирек (орфандық) аурулары бар балаларды медициналық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Сирек аурулары бар балалар мен олардың отбасыларын қолдау – өңірдің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінде 3 мың науқас бар, оның ішінде 434-і – балалар. Балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында облыстық бюджеттен қосымша шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді", – деп атап өтті Алтынай Әміренова.
Кездесу барысында қажетті дәрі-дәрмекпен, күтім құралдарымен қамтамасыз етуге және сапалы медициналық сүйемелдеуге ерекше назар аударылды.