Көкшетауда көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Үй заттары мен жиһаз жанған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар баспалдақ арқылы екі адамды қауіпсіз жерге шығарды. Тағы екі адам эвакуацияланды. Сонымен қатар пәтерден газ баллоны шығарылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу