Көкшетауда өзен арнасынан асып вокзал маңын су басты

368

Су үйлердің подъездеріне де кіруде.

Көкшетауда өзен арнасынан асып вокзал маңын су басты Фото: видео скриншот

Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан асып тасыды. Салдарынан Теміржол маңы ауданындағы Шалқар көшесінің бойындағы тұрғын үйлер мен аулаларды су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Судың ағысының күштілігі сондай, сол маңдағы тұрғын үйлер мен көшелерге жайылу қаупі бар. 

Дегенмен, желідегі видеодан ағын судың тұрғын үйлердің аулалары мен подъездеріне кіргенін көруге болады.

Қазіргі кезде, қалалық коммуналдық қызметтер мен тиісті органдардың қызметкерлері мен техникалары су сору жұмыстарын жүргізуде. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Қылшақты өзені арқылы өтетін Абай көшесі бойындағы көпірдің тұсында мұз кептелісі орын алған.

"Көкшетау қаласындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 41 адам мен 9 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 13 адам және 7 инженерлік техника, М.Ғабдуллин атындағы АҚ академиясынан 50 курсант жұмылдырылды. Дәл қазір Абай көшесіндегі көпірдің алдындағы мұз кептелісі жойылуда", - деді Көкшетау қалалық әкімдігінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу