Көкшетауда Ресей азаматының өліміне қатысты тергеу басталды

671

Көкшетау қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі жергілікті қонақ үйлердің бірінде Ресей азаматының қаза болуына қатысты тергеуді бастады, деп жазады inbusiness.kz Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Көкшетауда Ресей азаматының өліміне қатысты тергеу басталды

Дүйсенбіде кезекші полицияға жедел жәрдем көлігінде 35 жастағы ер адам қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"18 қазан, сағат 18:40-та қайтыс болған адам – Ресей Федерациясының азаматы. Ол Көкшетаудағы қонақ үй кешендерінің бірінен нөмір алған. Мейрамханадан шыққаннан кейін өз бөлмесіне көтеріліп, терезеден кешеннің ауласына секіріп кеткен", – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу