Көкшетауда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

592

100-ге жуық адам эвакуацияланды. 

Көкшетауда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды Фото: ҚР ТЖМ

Көкшетауда Қылшақты өзенінің арнасынан асып, тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, көшелер мен үй аулаларын су басуына байланысты Төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Көкшетау қаласында қалыптасқан жағдайға байланысты, яғни Қылшақты өзеніндегі судың деңгейі шамадан тыс көтерілуі тұрғындардың өмір сүруіне қолайсыздық туғызды. Жағдайды тұрақтандыру үшін Төтенше жағдай енгізілді. Соның шеңберінде келтірілген шығын көлемі анықталып, комиссия арқылы материалдық көмек мәселесі шешілетін болады. Су тасқынынан келтірілген залалдарды жою бойынша жедел штаб құрылды. Су басқан аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, қазіргі кезде 100 жуық адам арнайы дайындалған орындарға орналастырылды. Жерлестеріме жағдайды түсінгеніңіз үшін және су тасқынына қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын", -  деді қала әкімі Бауыржан Ғайса.

Айтуынша, су тасқынынан зардап шеккендер көкшетаулық 8775 666 99 08 (Ватсап) телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу