Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін қайтыс болған баланың ісіне министрлік араласты

575

Министрлік жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін қайтыс болған баланың ісіне министрлік араласты Фото: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін қайтыс болған баланың ісі қалай жүріп жатқаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

"2024 жылдың 5 ақпанында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне Көкшетау қаласы полиция басқармасынан хабар түсті. Ол хабарда Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасында кәмелетке толмаған баланың сүндеттелгеннен кейін кенет қайтыс болғаны айтылған", - делінген ведомство жауабында.

Ведомствоның дерегінше, қазіргі таңда осы оқиға негізінде сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша аталмыш департамент жоспардан тыс тексеру бастамақ. 

"Тексеру қорытындысы бойынша заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады", - дейді министрлік өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу