Көкшетауда сутаратқышта болған апат жойылды

887

Көкшетауда сутаратқышта болған апат жойылды

Көкшетау қаласында сутаратқышта болған  апат жойылды, деп хабарлады "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев.
Оның айтуынша, сейсенбі күні "тиектің жанындағы жарық бітеліп, құбырлар қысыммен тексерілген соң су беріле бастаған".
Бұған дейін хабарланғандай,  өткен дүйсенбіде  қаладағы Кенесары және Акан сері көшелерінің қиылысында диаметрі  700 мм құбыр жарылды. Соның салдарынан  көшелерді, үйлердің жертөлелерін су басып, сондай-ақ 172 пәтер тіршілік нәрінсіз қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу