Көкшетауда бір отбасы түгелдей түсініксіз жағдайда қайтыс болды

1027

Төрт адамның қазасының себебі анықталып жатыр.  

Көкшетауда бір отбасы түгелдей түсініксіз жағдайда қайтыс болды Фото: sport24.ru

Үйлерінен ата-анасы мен кәмелетке толмаған 5 және 11 жастағы екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға орнында көміртегі тотығының ізі табылмаған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

"Төрт адамның, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты ҚР ҚК 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306 (қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп түсіндірді департаментте. 

Тергеу аясында тиісті сараптама тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу